«Нұр Отан» партиясының мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттары мемлекеттік органдардың жұмысына бақылауды күшейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» партиясының мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттары мемлекеттік органдардың жұмысына бақылауды күшейтеді

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттары мемлекеттік органдардың жұмысына бақылауды күшейтеді

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттары мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығына бақылауды күшейтеді, деп партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

  • 18 Наурыз 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Біз партияның мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттық фракциялары тарапынан орталықтар мен жер-жерлердегі мемлекеттік орган жұмысына бақылауды жүйелі түрде күшейтеміз. Осы мақсатпен партияның сараптамалық топтарына парламенттегі барлық депутаттар, сондай-ақ бұрын бұл жұмысқа тартылмаған облыстық мәслихаттар фракциясы депутаттарының жартысына жуығы енгізілді», — деп ол бүгін партияның сайлауалды платформасын жүзеге асыру барысына арналған үкімет отырысында атап көрсетті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ашықтық шеңберін арттыру үшін сарапшылар тобы жұмысына БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері белсенді түрде қатысады.