Нұрлан Еспанов өзін алаяқ деп айыптаған жұртқа жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Еспанов өзін алаяқ деп айыптаған жұртқа жауап берді

Нұрлан Еспанов өзін алаяқ деп айыптаған жұртқа жауап берді

Соңғы кезде қазақ эстрада жұлдыздары өздерінің атаулы байқауларын жиі ұйымдастырып жатыр.Нұрлан Еспанов та лотерея өткізуге әуес әншілердің қатарында.

  • 4 Ақпан 2020
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Бір кездері атаулы гивін жариялап, бірден көптің сынына іліккен Нұрлан Еспанов, мұндай ойындарды өткізудің мән-жайын түсіндіріп, өзін алаяқ деп айыптаған жұртқа жауап берді.

«Біздің танымал түріміз болғандықтан компанияның тарапынан осы өнімді жарнамалап беріңізші деп ұсыныс айтады. Бұл жеке меншік лотереям емес. Үлкен автоорталықтың құзырындағы жұмыс. Мен жай ғана амбассадорымын. Соны түсініп алу керек», – дейді Нұрлан Еспанов.

Өнер иесі аталмыш ұтыстарды ұйымдастырғаны үшін табысқа кенелетінін жоққа шығармайды. Алайда Еспанов қалтасына түскен қомақты қаржыны өз мүддесіне емес, қайырымдылыққа жұмсайтынын алға тартты.

«Нұреке, лотерея ұйымдастырып бергеніңіз үшін
 үш жарым миллион теңге берейін деді. Сол кезде білесіздер, Арыста жарылыс болды. Мен Арыстың азаматымын. Бұл қаржыны маған бермей-ақ қой, қайырымдылық ретінде Арысқа апарып берші дедім. Содан қаланың бір білім ошағына барып, 114 балаға мектеп формасын алып беріпті. Ол жерден мен бір тиын да алған жоқпын», – дейді Нұрлан Еспанов.

Соңғы жаңалықтар