Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды

Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 21 Маусым 2016
  • 439
Фото - Caravan.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 97-1 бабының 6-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" негізінде "Нұр Отан" Саяси кеңес бюросының шешімі бойынша Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлын депутат етіп тіркеді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Роман Склярдың қызметтік өкілеттігі оның ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келуіне байланысты тоқтатылған болатын.

Нұрлан Нығматулин 2015 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, Нығматулин Парламент Мәжілісі төрағасы қызметінде де болды. Ал төменгі палатаның спикері қызметінде 2012 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың сәуір айында болды.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысы әкімі және "Нур Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.


 

Соңғы жаңалықтар