Нұрлан Қаппаров «Роскосмос»-қа күнара телефон соғуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Нұрлан Қаппаров «Роскосмос»-қа күнара телефон соғуға мәжбүр

Нұрлан Қаппаров «Роскосмос»-қа күнара телефон соғуға мәжбүр

Нұрлан Қаппаров "Роскосмос"-қа  күнара телефон соғуға мәжбүр. Бірақ еліміздің бас экологы Ресейден өтемақыны әлі өндіре алмай жүр. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі былтыр шілдеде құлаған «Протоннан» келген шығынды 14 млд теңгеге бағалаған болатын.

  • 5 Ақпан 2014
  • 166
Фото - Caravan.kz


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:

-Енді олар бірден ертең төлейді деген ойымыз болған жоқ. Әрине, олар уақыт алады, сөйлеседі, айтады, төлей ала ма, төлей алмай ма? Бірақ оларға қайта қайта звондап, айтып жатырмыз.

Бірақ арада жарты жыл өтсе де, «Роскосмос»14 млд-ты төлейтін сыңай танытып отырған жоқ. Төлемеу себебін түсіндіріп айтпайды. Құзырлы органдар болса үмітін үзбей отыр. Ал ертең Байқоңырдан тағы улы гептилмен қозғалатын зымыран ұшырылмақшы. Бұған қарсылық ретінде  «Антигептил» қозғалысы наразылық танытпақ.