"Джеки Чан өзінің киноларына өзі түседі. Ол жерде өзім ойнаймын, өзім атақты боламын деген ой емес. Ол қандай кино шығуы керек екенін өзі біледі.
Мен де комедияны өзім жазып, түсіріп жатқаннан кейін, осылай болу керек шығар деп өзім көремін", – дейді Қоянбаев.
Нұрлан Қоянбаев – бүгінде еліміздегі ең табысты киногерлердің бірі. Әр Жаңа жылда қазақ көрерменін қуантатын "Бизнес по-казахски" картинасының бөлімдері кассалық жиын бойынша үнемі алғашқы орында тұрады. Танымалдылығы жер жарып тұрса да, отандық өзге режиссерлер Қоянбаевты актер ретінде өз жобаларынан көргісі келмейтін сыңайлы.
"Басқа режиссерлер мен продюсерлер мүлдем шақырған емес. Бір қызығы, телефоныма бірде-бір қоңырау түскен жоқ. Олар көтере алмайтындай гонорар менде жоқ қой. Өзімнің киномда өзіме гонорар қоймаймын, сондықтан қанша екенін де білмеймін", – деп күлді Нұрлан мырза.