«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында еңбек проблемалары туындамайды - Әбілғазы Құсайынов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында еңбек проблемалары туындамайды - Әбілғазы Құсайынов

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында еңбек проблемалары туындамайды - Әбілғазы Құсайынов

 «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында Қазақстанда еңбек проблемалары туындамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

  • 3 Ақпан 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

Жақында бірқатар еуропалық және ТМД елдерінің тәжірибесімен танысып келгеніне тоқталған ол «біз біраз мемлекеттерде болдық. Олардың ахуалы мен біздің жағдайды салыстырсақ, жер мен көктей айырмашылық бар. Себебі, кейбір елдерде кәсіподақтары мен мемлекеттік органдары өзара тіл табыса алмай жатыр. Бізде «Нұрлы жол» бағдарламасы бар және оны ең мықты бағдарлама деп бағалаймыз. Бұл бағытта тез құрылатын жұмыс орындары пайда болады. Ертең-ақ 200 мың адам жұмыспен қамтылады. Қазақстан үшін бұл аз емес. Сондықтан да «Нұрлы жолды» тезірек іске асыруға атсалысуымыз керек», — деді.

«Әлемдегі дағдарыстық жағдай белгілі бір қиындықтарды тудыруда. Осы тұрғыда біздің ел әлеуметтік негізделген мемлекет. Атап айтқанда, Қазақстандағы жұмыс берушілердің басым бөлігі әлеуметтік бағытталған әрі сауатты және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеп жатыр», — деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.      

Сонымен қатар Ә. Құсайынов міндетіне селқос қарап, еңбек заңнамасының талаптарын орындамайтын да жұмыс берушілер бар екендігін айта келе, «еңбек шарты міндетті норма бола тұра, әсіресе құрылыс саласындағы кейбір нысандарда еш құжаттарды рәсімдемей жұмысшыларды пайдаланатын жағдайлар орын алуда», — деді.


Айта кетейік, бүгінде елімізде 6 миллионнан астам қарапайым жұмысшылар мен 180 мың жұмыс берушілер, басшылар бар.