Жарияланды: 30

"Нұршашқан", "Нұр Алатау": Алматыда 27 ауданның атауы өзгертілді

"Нұршашқан", "Нұр Алатау": Алматыда 27 ауданның атауы өзгертілді

Алматыдағы бірқатар ауданның атауын өзгертер кезде қала тұрғындарының пікірі ескерілген

Алматы қаласында 27 шағын ауданның атауы өзгертілді. Тиісті қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық жүйесінде жарияланды. Құжат былтыр 28 желтоқсанда қабылданып, әділет департаментінде келесі күні тіркелген. 

Алматыдағы бірқатар ауданның атауын өзгерту туралы шешімді әкімдік пен мәслихат қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясының қорытындыларының негізінде қабылдаған.  

Сонымен, Алатау ауданы бойынша:

"Алғабас-1" шағын ауданы — "Нұркент" шағын ауданы;

"Алғабас-2" шағын ауданы — "Ботакөз" шағын ауданы;

"Алғабас-3" шағын ауданы — "Ақмаржан" шағын ауданы;

"Алғабас-4" шағын ауданы — "Ғажайып" шағын ауданы;

"Алғабас-5" шағын ауданы — "Дарабоз" шағын ауданы;

"Алғабас-6" шағын ауданы — "Зерделі" шағын ауданы;

"Заря востока" шағын ауданы — "Шапағат" шағын ауданы;

"Құрылысшы" шағын ауданы — "Самғау" шағын ауданы;

"Трудовик" шағын ауданы — "Томирис" шағын ауданы;

Әуезов ауданы бойынша:

"Дубок" шағын ауданы — "Шабыт" шағын ауданы;

"Дубок-2" шағын ауданы — "Атамекен" шағын ауданы;

"Школьный" шағын ауданы — "Жазира" шағын ауданы;

"Школьный-2" шағын ауданы — "Алмас" шағын ауданы;

"Тепличный" шағын ауданы — "Қуаныш" шағын ауданы;

Бостандық ауданы бойынша:

"Алатау" шағын ауданы — "Нұр Алатау" шағын ауданы;

"Алмаарасан" шағын ауданы — "Архат" шағын ауданы;

Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

"Жайлау" шағын ауданы — "Ғаламат" шағын ауданы;

Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

"Ремизовка" шағын ауданы — "Асқартау" шағын ауданы;

Жетісу ауданы бойынша:

"Дорожник" шағын ауданы — "Көкмайса" шағын ауданы;

"Первомайский" шағын ауданы — "Кемел" шағын ауданы;

Медеу ауданы бойынша:

"Родник" бағбандық серіктестігінің шығысы мен "Қорғаушы-Защитник" бағбандық серіктестігінің оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы — "Шарапат" шағын ауданы;

"Горный садовод" бағбандық серіктестігінің солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы — "Алтын" шағын ауданы;

"Бутаковка" шағын ауданы — "Мұзтау" шағын ауданы;

Наурызбай ауданы бойынша:

"Алатау" шағын ауданы — "Байтақ" шағын ауданы;

"Каменка-3" шағын ауданы — "Мейрам" шағын ауданы;

"Қарағайлы-2" шағын ауданы — "Дария" шағын ауданы;

Түрксіб ауданы бойынша:

"Колхозшы" шағын ауданы — "Нұршашқан" шағын ауданы деп қайта атау берілсін.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін