Премьерден бастап министрлер кабинетін тегіс Ақордаға шақыртқан президент халықаралық көрменің әзірлігіне көңілі толмайтынын ашық айтты. Жауапты атқамінерлерді қалың ұйқыларынан оятып, бір сілкіп алған президент олардың сәл ағаттық үшін бастарымен жауап беретінін қатал ескертті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Оның үстіне өздеріңіз білесіздер, «Экспо» жөнінде өте қолайсыз жағдайлар болды. Ұрлық-қарлыққа түсіп біздің ол жерге қойған азаматтарымыз тергеліп жатыр.Если не будет международного участия,не будет Экспо.Минимум 100 должно быть. Не с кем не заключено договор. Садись, будешь отвечать лично.
«Экспоға» кемі 100 мемлекет қатысатын болсын деп пәрмен берген Елбасы бүгін Үкіметтің бұл шаруаны сауатты үйлестіре алмай отырғанына ашынды. Халықаралық көрмеге жұмсалатын әр тиынды үнемдеуді айта келе, құрылыстың созылуынан бөлек, Назарбаев ұйымдастыру жағын жақтыртқан жоқ. Қазақстанды әлемге әйгілі ететін имидждік жобаның жарнамасы да ақсап жатыр. Президент саяхатшылардың арақасында «Эксподан» 330 миллион еуро пайда табуға болатынын айтады.
Алайда сол туристерге арналған мәдени шаралар да әлі шикі. Бүгін шетелден әнші шақырамын деп ақталған Мәдениет министрін Елбасы орнына қойды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Экспоның ашылуына Ұлыбританиядан Скобен Гардер шақырдық. Өзіңіз келісіп шақырған Ла Скала да бар.
-слушай, оны көрейін деп отырған жоқ ешкім. Қазақстанның өнер адамдарын көрсет. Әртістерді жан-жақтан шақыртудың керегі жоқ, жан жақтан.