Нұрсұлтан Назарбаев екі жылдан соң өтетін президент сайлауына қатыса ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев екі жылдан соң өтетін президент сайлауына қатыса ма?

Нұрсұлтан Назарбаев екі жылдан соң өтетін президент сайлауына қатыса ма?

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы өтетін президент сайлауына қатысты пікірін білдірді.Тек сол саяси додаға қатысу-қатыспау туралы әлі нақты шешім қабылдамаған. Бұл жайында Елбасы шетелдік тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.

  • 14 Ақпан 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

—  Мен 2016 жылдың желтоқсан айының соңына  дейін сайландым . Уақыты келсін. Сол кезде сөйлесерміз……

Американың әйгілі ақпарат агенттігінің біріне сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев екі жылдан соң өтетін сайлауға емес, Қазақстанның даму жолына көбірек тоқталды. Ли Куан Ю, Маргарет Тэтчер секілді әлемдік саясаткерлерді үлгі тұтқанын, тіпті олардың экономикадағы реформаларын жіті зерттеп, іс жүзінде кеңінен қолданғанын жасырған жоқ. Сондай-ақ, қазір апатқа байланысты тоқтап тұрған Қашағанның келешегі туралы сөз қозғады. Президенттің есебінше, Қашаған мұнайы 4 жылдан соң ел экономикасының  дамуына ерекше серпін беруі тиіс. Ал кен орны болашақта тәулігіне 370 мың баррельден артық мұнай өндіреді деп жоспарланып отыр.