Нұрсұлтан Назарбаев Израиль президентін 85 жасқа толу мерейтойымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Израиль президентін 85 жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Израиль президентін 85 жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсултан Назарбаев өзінің Израильдік әріптесі президент Шимон Переске 85 жасқа толған мерейтойына байланысты құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстанның Израильдегі елшілігіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2008
  • 976
Фото - Caravan.kz

Құттықтау хатында былай делінген: «Сізді 85 жасқа толған мерейтойыңызбен Қазақстан халқы мен жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.

Израиль Мемлекетінің қалыптасуына және оның әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуына Сіздің қосқан үлесіңіз жалпыға мәлім. Көпшіліктің құрметі мен ілтипатына бөленген Сіз секілді айрықша тұлғалардың басшылығындағы Израиль Мемлекетінің алдағы уақытта саяси, экономикалық және басқа да салаларда үлкен табыстарға жете беретіндігіне кәміл сенемін».

«Қазақстан мен Израиль арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында атқарған еңбегіңізді ризашылықпен атай отырып, халықтарымыздың игілігі жолындағы өзара іс-қимылымыздың қарқынды түрде жалғаса беретіндігіне үміт артамын. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, сізге зор денсаулық және отбасыңызға амандық, ал достас Израиль халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін» деп айтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар