Үш ай бұрын мемлекет басшысының жарлығымен құрылған ұлттық комиссияның құзыреті кең. Премьер-министр басқаратын орган ақшаға сатылмайтын сот пен шенеуніктердің аппаратын құрмақ. Сонымен қатар ұлттар достығы мен экономиканың өсімімен айналысу міндеттелген. Ол орындалса, Қазақстан дамудың жаңа жолына түспек. Бұл істі шапшаңдату үшін қолданыстағы заңдарға дереу өзгерістер енгізілуі тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Күзгі Парламенттің отырысына дейін заң жобаларын дайындап беруіміз керек. Жұмыс өте көп. Маған берген мәлімет бойынша,100-ден астам заңдарға өзгеріс жасауымыз керек. Көп мамандар жұмыс істейді. Шетелдік эксперттер бар оның ішінде.