Нұрсұлтан Назарбаев лимузиннен түсіп орманды автобуспен аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев лимузиннен түсіп орманды автобуспен аралады

Нұрсұлтан Назарбаев лимузиннен түсіп орманды автобуспен аралады

Нұрсұлтан Назарбаев тұтас бір аймақтың климатын қалай өзгерткенін айтты. Кеше Астана іргесіндегі мыңдаған гектар орманды Елбасы әуеден тікұшақпен бақылап қоймай, егілген ағаштардың қандай күтімге алынғанын көру үшін қызметтік көлігінентүсіп, автобусқа да отырды, жаяу да аралап шықты.

  • 21 Маусым 2016
  • 495
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, күн санап кеңейіп келе жатқанына көз жеткізген Назарбаев орманға жүздеген қырғауыл жіберді, деп хабарлайды КТК.

Астананың құрылысымен бірге өскен бұл жасыл белдеу Нұрсұлтан  Назарбаевтың төл туындысы. Сондықтан президент тым қауырт жұмысына қарамастан жыл сайын  бірнеше сағатын орман аралауға бөледі. Жаяу ғана емес, бүгін Елбасы үйреншікті лимузинінен түсіп, алқапты шағын автобуспен де тегіс шарлап шықты. Кейін 75 мың гектарға отырғызылған тал-теректің жай күйін тікұшақтан көктен бақылағаны тағы бар. 10 миллион ағашы көркін келтірген тоғай  Қазақстанның 5 ауданы сыятын территорияны алып жатыр.

-Кезінде қу тақыр, әрі тастақ жерге ағаш өспейді деп сынаушылар көп болған. Бұл сөздің жоққа шыққанына мына жайқалып өскен орман дәлел. Қазір жасыл белдеу Астананы жаздағы шаң тозаң мен желден, және қыстағы дүлей бораннан қорғап тұр.

Яғни, қатты желі мен бораны адамды құлататын бас қаланың климаты өзгерді. Шортандыдан асқан жасыл белдеудің Бурабайға жетуіне 100 шақырым қалған. Енді Ақмола облысын бойлай отырып 2017 жылы  курортты аймақпен түйіспек. Президент 18 жылдан соң Астана іргесінен екінші Бурабайдың пайда болғанына қуанышын жасыра алмады.

-60-тан артық ағаштың сорты өседі. Оның ішінде алма да, жидекте, жеміс те барлығы бар. Тың игеру кезінде трактордың шуынан қашып кеткен жәндіктердің бәрі қайтып келді. «Орманы бардың — қорғаны бар» деп қазақ бекер айтқан жоқ. Әрнәрседен қорғайтын орман болады, дейді Қазақстан Республикасының президенті.


Ерекше қорғалатын аймақта ағаштан басқа елік, қоян, түлкі мен құстың ондаған түрі бар. Айтпақшы, бүгін мемлекет басшысы орманға тағы 150 қырғауыл жіберді. Тордан шыққан қырғауылдың бәрі лезде қанатын қағып ұшып кетті. Тек бір құс қаптаған камерадан сескенді ме, ұзақ уақыт тоғайды жатсына қоймады.

Соңғы жаңалықтар