Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қатысты өз пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қатысты өз пікірін білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қатысты өз пікірін білдірді

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қатысты өз пікірін білдірді.

  • 6 Наурыз 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz


«Қазір сайлау науқаны басталды, мерзімінен бұрын сайлау өткізу идеясын негізінен, әйелдер қолдады. Мен өз кандидатурамды ұсынғанымды сұрап, мені қолдайтын адамдардан мыңдаған хаттар аламын», — деп Н.Назарбаев бүгін 8 Наурыз қарсаңында әйгілі қазақстандық әйелдермен өтетін дәстүрлі кездесуде атап көрсетті.
«Менің жеке жоспарым шынын айтқанда, мүлде басқаша болған. Мен Қазақстанды көп жылдар басқардым, тәуелсіздіктің басы-қасында болдым. Мүмкін, театрда айтатындай декорацияны өзгерту керек шығар. Мен солай ойлаймын», — дейді ол.
«Бірақ бәрінің ниеті, халықтың талпынысы, бірлігі қазір үлкен, бүгінгі таңда әрі қарай не істеуімді сіздермен кеңесуге мүмкіндік туып отыр», — дейді президент.