Нұрсұлтан Назарбаев ОБСЕ-ге бәсекелес болатын ұйым құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев ОБСЕ-ге бәсекелес болатын ұйым құруды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев ОБСЕ-ге бәсекелес болатын ұйым құруды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев ОБСЕ-­нің Азиялық баламасын құруды ұсынды. Себебі халықаралық ұйымның көп жағдайда қауқарсыздық танытып, оған сенім де азайып барады. Сондықтан Азия құрлығы ешкімге жалтақтамай өз түйткілдерін өзі шешуі тиіс.

  • 22 Мамыр 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бүгін Шанхайда басталған Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте Қазақстан президенті осындай батыл мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Батыс мемлекеттері не айтады екен деп иек арта бермей, аймақ қауіпсіздігін Азия құрлығы өз қолына алуы керек. Бірақ әзірше, аймақ елдерінде ауызбіршілік болмай тұр. Дауды дипломатиямен шешудің орнына, жағдайды шиеленістіру басым. Нұрсұлтан Назарбаев өз бастамасымен құрылған кеңес  атауын өзгертуді де ұсынды. Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына. Бұл ОБСЕ-ге бәсекелес болуы тиіс.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Уверен, что настало время для создания действенной и эффективной Организации по безопасности и развитию Азии набазе СВМДА.