Нұрсұлтан Назарбаев отандық кілемді алуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев  отандық кілемді алуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев отандық кілемді алуға шақырды

Әр отбасының төріне отандық кілем. Бүгін Шымкентте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кілем шығаратын фабриканың жұмысымен танысып, отандық өнімге оң бағасын берді.

  • 16 Мамыр 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz


Кілем фабрикасы Оңтүстік арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Іске қосылған жарты жылдың ішінде ол 150 адамды жұмыспен қамтыпты. Құны 8 жарым миллиард теңгені құрайтын үлкен фабрика жылына 15 миллион шаршы метр тоқыма өнімдерін шығарып, артылған тауарларын экспорттауды көздеп отыр. Айта кетерлігі, ұлттық нақышпен өрнектелген мұндағы кілемдердің бағасы шетелдік тауарлардан арзан. Фабриканың шаруасымен танысқан Елбасы бүгін өндіріске оң баға беріп жұмысына сәттілік тіледі.