Жарияланды: 30

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Петропавлдағы туристік көрмені аралады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Петропавлдағы туристік көрмені аралады

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин Петропавлдағы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы аясындағы көрмені аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш форумға қатысу үшін Петропавлға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барды. Солтүстік Қазақстан облысына, сондай-ақ РФ Президенті Владимир Путин бастаған делегация сапармен келді. Мемлекет басшылары барған көрме «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» тақырыбында ұйымдастырылды. Күтіліп отырғандай, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыста екі елдің туризмін дамыту мәселелері талқыланады. Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің ведомство өкілдері, облыс басшылары туристік саланың әлеуеті жөнінде таныстырылымдар өткізеді. Осыдан кейін қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылатыны жоспарланған. Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытуға арналған көрмеге еліміздің барлық өңірі, көрші мемлекеттің 11 аймағы, сондай-ақ жетекші туроператорлар қатысуда. Шара барысында бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін