Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанға көмектесуді жалғастыруға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанға көмектесуді жалғастыруға дайын

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанға көмектесуді жалғастыруға дайын

Бейсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Ұйымның Ауғанстанға көмектесу жөніндегі миссиясы басшысы Ян Кубишпен кездесті.

  • 28 Қараша 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары сөз болды. Сонымен қатар, аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктері қаралып, Ауғанстанды экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру жайы сөз болды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Президент Қазақстанның алдағы уақытта да елді дамытуға бағытталған әртүрлі жобаларды іске асыру арқылы Ауғанстанға қолұшын беруге дайын екенін атап өтті. Оның ішінде ауған студенттерін оқыту жобасы да бар», — делінген хабарламада.