Жарияланды: 310

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды

Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеу қажет. Бұл туралы  бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кабинетімде ілініп түрған Қазақстанның үлкен картасына уақ-уақ қарап қоямын және облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың  атауларына ғана көз жүгіртіп қоймай еліміздің байтақ аумағында барлығымыз бірге атқарып жатқан зор жұмыстарды елестетесің, - деп атап өткен Мемлекет басшысы Қазақстан халқының интерактивті тарихи картасын әзірлеуді ұсынды.

ҚР Президентінің пайымынша, электронды карта ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың шоғырлану процесін ашық көрсетіп, мемлекет құраушы қазақ халқының айрықша миссиясын паш ететін болады.

«Білім және ғылым министрлігіне Ассамблеямен бірлесе отырып, ғылыми негізде осындай интерактивті картаны әзірлеуді және оны келесі жыл алғыс күнінде таныстыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін