Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Шанхайға келді.

  • 19 Мамыр 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

21 мамырға дейін жалғасатын аталған сапар аясында жалпы сомасы шамамен 8 млрд. долларға 15 екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда. Олардың көпшілігі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы, химиялық және энергетикалық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бүгін Мемлекет басшысының ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуі күтілуде, оның қорытындылары бойынша екі ел басшыларының қатысуымен бірқатар келісімдерге қол қойылады, сондай-ақ Ляньюньган порты мен «KTZ Express» АҚ әкімшілігінің бірлесіп басқаруымен Ляньюньган портында терминалдың бірінші кезегін іске қосу рәсімі өтпек.

Кездесулер қорытындыларымен сондай-ақ ҚР мен ҚХР бірлескен декларациясына қол қою жоспарлануда. Ол стратегиялық әріптестік пен тараптардың одан әрі өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын айқындайтын барлық салаларды қамтиды.

Бұл келіссөздер екі мемлекет басшыларының ағымдағы жылғы үшінші кездесуі болмақ (осыған дейін олар Сочи және Гаагадағы халықаралық шаралар аясында кездескен болатын). Соңғы екі айда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытайға сапарлады.

Атап өту керек, 1992 жылдан 2013 жылға дейін Қытай Қазақстанға 20 млрд. доллар инвестиция, оның ішінде шамамен 6 млрд. доллар тікелей инвестициялар құйса, 2013 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін ғана жалпы сомасы  шамамен 43 млрд. доллар болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша, бір жылға жетпейтін мерзімде Қазақстандағы Қытай инвестициясының көлемі өткен 20 жылдағы көрсеткіштен 2 есе асып түсті.