Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады

Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатыспақ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz


«Мемлекет басшысы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысуды жоспарлап отыр», — деді ол бейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте.

«Сочи Олимпиадасы есте қаларлықтай, жарқын оқиғалардың бірі болады деп үміттенемін. Бұл біздің кеңістігімізде, Қазақстанның төңірегінде болып жатқан ауқымды шара болып табылады. Алматы қаласы да қысқы Олимпиаданы өткізу құқын жеңіп алу үшін Сочимен бірге бақ сынасан болатын. Енді 2022 жылға берген өтінішіміз қабылданып, табысқа жетеміз деп үміттенеміз. Сондықтан да біз Сочи Олимпиадасының табысты өтуіне мүдделіміз», — деп қосты ол.