Нұрсұлтан Назарбаев соғысқа жол бермеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев соғысқа жол бермеуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев соғысқа жол бермеуге шақырды

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан «Астана клубының» төртінші отырысына қатысты.

  • 14 Қараша 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының мәліметінше, әлемде экономикалық санкциялар, киберқауіпсіздік пен қарулы қақтығыстар маңызды мәселеге айналып отыр. Сондай-ақ, ғаламдық қауіпсіздікке халықаралық терроризм мен экстремизм қауіп төндіруде. Терроризмді зерттеумен айналысатын және оған қарсы әрекет ететін ұлттық консорциум мәліметтеріне сай, әлемде террористік шабуылдар жиілеп, одан қаза тапқандар саны артып келеді.

Елбасының айтуынша, соғысқа жол бермеу керек. Ол бүкіл адамзатқа кері әсерін тигізеді, тіпті әлемдегі соңғы соғысқа айналуы мүмкін.

«Бұл ретте ұлы Эйнштейннің сөзін еске түсіру керек деп ойлаймын. Ол «егер ядролық қару қолданылған үшінші дүниежүзілік соғыстан кейін аман адам қалса, оларға тек таяқпен соғысуға тура келеді» деген екен. Себебі, қайта құрылыс жүргізетін адам да, зат та қалмайды. Сондықтан, жаңа ғаламдық апаттардың алдын алу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқан ел екенін еске салды.


Бұған дейін жиында Елбасы Ресей, АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестікті басқару деңгейі төмендеп келетінін айтқан еді. Сондай-ақ, Назарбаев АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы дамушы елдерге қалай әсер ететінін жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар