Жарияланды: 640

Нұрсұлтан Назарбаев үш ұлттық театрға академиялық мәртебе берді

Нұрсұлтан Назарбаев үш ұлттық театрға академиялық мәртебе берді Сурет - facebook.com/AkordaBaspasoz

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық фестиваліне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.

– Осы жылдары Ассамблея ұлты мен діні әртүрлі адамдарды өзара жақындастыра түсті, сан алуан мәдениет пен салт-дәстүрдегі жақсы нәрсенің бәрін көрсетіп берді. Бейбітшілік пен келісім – Тәуелсіздіктің 25 жылының ең қастерлі қазынасы, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі әлемде мемлекеттің этномәдени бірлестіктерге қолдау білдіруі ерекше тәжірибе болып отырғанын айтты.

– Бұл – Қазақстандағы нақты шындық. Мемлекет барлық этномәдени бірлестіктерге тұрақты түрде және кең ауқымды қолдау көрсетіп, балаларды ана тіліне оқытатын мектептерді қаржыландырып келеді. Газеттеріміз бен журналдарымыз он бес тілде шығады, театрларымыз жеті тілде сөйлейді, – деді Елбасы.

Фестиваль барысында Нұрсұлтан Назарбаев корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе берді.

Соңында Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, баршаға игілік пен бақ-береке тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін