Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнін қастерлеп ұмытпауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнін қастерлеп ұмытпауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнін қастерлеп ұмытпауға шақырды

Жеңіс сыйлаған күн. Бүгін 9-шы мамыр адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 69 жыл. Фашизммен күресіп, жаудың бетін қайтарған соғысқа Қазақстаннан миллионнан астам жауынгер аттанып, оның 600 мыңы майдан даласынан оралған жоқ. Жалпы бұл соғыс 27 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Сол кезде Кеңес Одағының жеңіске жетуіне қазақ батырлары ерекше үлес қосты. Жанын беріп қасық қаны қалғанша аянбай күресті. Қазіргі таңда елімізде көзі тірі 7 мың ардагер қалған. Солардың бір тобын бүгін Жеңіс мерекесімен Астанада Елбасы құттықтап ерлікке тағзым етті.

  • 10 Мамыр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл тура 69 жыл. Бұл күнге жеткен де, жетпеген де бар. Майдан даласында оққа ұшып туған жерінің топырағы бұйырмағандар көп. Ал елге аман-есен оралғандарының қатары  жыл сайын сиреп барады. Көзі тірісінің жасы 90-нан асқан. Жүріп тұруы қиындаса да, 9-шы мамыр меркесінен қалыс қалған емес.

Диқан Жүсіпбекұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері:

— Біздің көрген бейнетімізді көрсетпесін Алла тағалла. Соғысты енді көрсетпесін бізге.

Астана жұрты бүгін ерлікке тағзым етті. Бір минут үнсіздік жарияланды. Бас қаладағы батыр боздақтарды еске алу рәсіміне Елбасы арнайы келіп қатысып «Отан-Ана» монументіне гүл қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ұлтшылдық пен фашизмнің не екенін біздің аталарымыз, ағаларымыз жақсы біледі. Соған қарап жастарымыз бірлікке, Отанды қорғауға үйренсе екен дейміз. Кешегі өткен әскери шеруде Қарулы күштеріміз мүмкіншілігін көрсетті. Ақсақалдарымыз риза болып, біздің қолымыздағы қаруды ұстайтын азаматтарымыз өскен екен, — деп қуанып жатыр. Баршаларыңызды мерекемен құттықтап, аман сау болыңыздар.  Нндігі жылғы Ұлы Жеңістің 70 жылдығында аман-есен кездесейік деп тілеймін.

Қан майданда қасық қаны қалғанша күрескен батырлар көрсетілген құрметке риза. Тіпті орталарына Елбасының өзі келеді деп ойламаса керек.  Нұрсұлтан Назарбаев, жаудың бетін қайтарып бейбіт күн сыйлаған әр ардагермен жеке-жеке амандасып шықты. Қариялар да тосылып қалған жоқ.


Бақытты бол. Алла қуат берсін. Өмір берсін. Денсаулық берсін.

— Рахмет, аға аман болыңыз. Сіздің арқаңыз осы бәрі.

-Бақытты ғұмырлы болыңыз. Өмір жасыңыз ұзақ болсын.Біз сіздердің өсиеттеріңізді  орындауға әрқашанда үлесімізді қосамыз.

-Иншалла.

Жеңістің 69 жылдығы кейін мерекелік шараларға жалғасты. Соғыс жылдарындағы сәттен қойылым ұйымдастырылып, сол шақтағы әндер шырқалды. 9-шы мамырға жиылған жұрт майдангерлер ботқасынан дәм татты.

Бүгін Астанадағы «Отан ана» монументіне келушілердің қатары кешке дейін толастамады. Үлкен де кіші де ерліккке тағзым етіп ескерткішке  гүл қойды. Себебі мынау алау секілді, жеңістің, ерліктің оты ешқашан өшпейді.