Бұл туралы Сaravan.kz порталы хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кешкі уақытта мас күйдегі ер адам мектептен келе жатқан кәмелетке толмаған қызға жақындап барған. Аталған дерек бойынша 25 жастағы күдікті ұсталды. Медициналық тексеру нәтижелеріне сәйкес, ол орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша шешімі қабылданатын болады.