Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады.

  • 25 Қыркүйек 2020
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.


Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар