Жарияланды: 30

Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді

Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді

Алты айдың ішінде елордада барлығы 14 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты, олардың 93-і – егіз

 Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келе бастады. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда, егіздер саны он алтыға өскен.

Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында хабарланды, деп жазды Caravan.kz  медиа порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.  

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз туды. Былтыр сәйкес кезеңде олардың саны 77 болатын.

Сонымен қатар, 3 үшем жарық дүние есігін ашты, 2019 жылы алты ай ішінде тек бір үшем дүниеге келген еді.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін нәресте дүниеге келеді.

Алты айда Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 14 012 сәби туды.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін