Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Өткен демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізілді.

  • 31 Мамыр 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Яғни бірінші және екінші компоненттің әрқайсысынан 3 000 дозадан жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО мен сауда үйлерінде де егілетін болады.

«QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинациялау пункттерінен ала алады», – деп атап өтті басқарма хабарламасында.

Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның 1 компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник-V» препаратының 1 компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық Hayat Vax 1 компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.