Қаза тапқандардың 11-і 40-тан асқандар, олардың денсаулықтарында басқа да ақаулары болған, — дейді дәрігерлер.
Эпидемиологтар бактерияны ондаған ғимараттың желдеткіш жүйелерінен тапқан.
Медиктер бұл инфекция егде адамдар үшін қауіпті екенін айтуда.
Кей құқық қорғаушылар Нью-Йорк әкімі Билла де Блазионы аурудың таралуына жедел ден қоймай отырғанын сынға алуда.
Ауру 1976 жылы Филадельфияда америкалық легион ардагерлерінің съезінде таралу орнына байланысты атау алған.