Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне жетті

Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне жетті

АҚШ-та осымен бірнеше жыл өмір сүріп, сонда полицей болып жұмыс істеп жүрген Шымкент тумасы Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 17 Маусым 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz


Детройт қаласында өткен бокс кеші аясында Ниязов Доминикадан келген боксшы Рамон Геварамен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездсесу бесінші раундта Димаштың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Ниязов осыған дейін бірде-бер рет жеңіліп көрмеген. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Сондай-ақ, бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов та мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та ең мықты полицей атанған қазақ туралы фильм түсірілген болатын.