Нью-Йорктегі жарылыстан жарақат алғандардың саны алпыстан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорктегі жарылыстан жарақат алғандардың саны алпыстан асты

Нью-Йорктегі жарылыстан жарақат алғандардың саны алпыстан асты

Нью-Йоркте газ жарылуы салдарынан жарақат алғандар саны 64 адамға жетті, деп хабарлайды Би-Би-Си телерадиокорпорациясы.

  • 13 Наурыз 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Соңғы деректер бойынша, екі әйел көз жұмған. Жергілікті медицина мекемелерінің көмегіне жүгінгендер саны 64-ке жетті. Оның ішінде 7 бала бар. Балалардың біреуі аса ауыр халде жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Нью-Йорктің Манхэттен ауданында ғимарат құлап, екі адам көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.

Хабарламаға сүйенсек, жарылысқа құбырдан шыққан газ себепші болған. Салдарынан темір жолға жақын маңда орналасқан қос ғимарат опырылып құлаған көрінеді. Соған байланысты Гранд-Сентрал вокзалында пойыз қозғадысы тоқтатылды.