Бұл туралы Caravan.kz порталы журналист Дина Төлепбергеннің парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
" Ешбір жерде тіс жармаған күдікті жезде тұңғыш рет Астарлы ақиқатқа сұқбат берді.
19 жастағы өрімдей қыздың қанын көл қылатындай балдызы оған не жазды?
Естеріңізге салсам, Шамалғанда әпкесінің үйіне қонаққа келген Ақнұр о дүниеге аттана жаздады. Күйеуінен таяқ жеген әпкесін араша еткісі келген студент қыздың денесіне жездесі бес рет пышақ сұққан.
Ауыр жарақаттар алған ару "ол мені қасақана өлтірмек болды" дейді.
Төбе шашыңды тік тұрғызар шулы істің айтылмаған ақиқаты бүгін 20:00 КТК",- деп өз парақшасында жазба қалдырды.
https://www.instagram.com/tv/CVjjAVoo8C2/?utm_medium=copy_link
Желі қолданушылары: "Жауыз", "Кешірмеу керек бұндайды","Масқара","Әдейіғой","Ауру сияқты",- деп пікір жазды.