ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден озды

ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден озды

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден өтті, деп хабарлады мемлекеттің қазіргі басшысы Джейкоб Зума.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz

«Біздің халқымыз өзінің сүйікті ұлынан айырылды», — деді Дж. Зума.

Йохансбургте қайғылы хабарды естуге бәрі дайын болды. Осыған дейін БАҚ Н.Манделаның ауыр науқастанып жатқанын хабарлаған болатын — оның үйінің жанында жедел жәрдем көліктері мен көп адам жиналып қалған.

95 жастағы Н.Мандела 2013 жылдың маусымынан бері денсаулығы нашарлап, ауыр халде жатты, деп хабарлады CNN.

Н.Мандела — ОАР бірінші қара нәсілді президенті (1994-1999жж.), адам құқығы үшін жанын сала жұмыс істеген, аты аңызға айналған танымал күрескерлердің бірі. Ол өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.