Бұл туралы Малайзиялық "Бернам" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап e-islam.kz порталы хабарлайды.
Ақ үй басшысын 25 минут бойына мұсылман ғибадат үйімен таныстырған имам Исмаил Мұхаммадтың жоғарыда аталған өтінішіне Обаманың жауабы "Мен үшін дұға етіңіз…" болыпты. Өтінішке өтінішпен шыққан АҚШ президенті сөзінің соңында әр күн сайын әлем мұсылмандарының арасындағы зорлық-зомбылық пен қақтығыстарды тоқтатуға уақыт бөлетінін баса айтқан. Имамның сөзіне жүгінсек, Обаманы әлем мұсылмандары алдында тұрған мәселелер қатты алаңдататын көрінеді.