Обама, Меркель, Путин Ақордаға телефон соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Обама, Меркель,  Путин Ақордаға  телефон соқты

Обама, Меркель, Путин Ақордаға телефон соқты

Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті реттеуге Астана арағайындық таныта бастады. Тіпті  Ақордаға қоңырау шалушылар да көбейген. Бір күннің ішінде, Нұрсұлтан Назарбаевқа, Барак Обама, Ангела Меркель және Владимир Путин хабарласып, Украинадағы жағдайды талқылады.

  • 12 Наурыз 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz


Алдымен Ақордамен Ақ үй байланысқа шықты. Назарбаев пен Обама Украинадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуді қолдады. Тіпті АҚШ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тараптарды татуластыруда белсенділік танытуды сұрап қолқа салған. Сондай-ақ, Қазақстан басшысы Германия канцлері Ангела Меркельмен де телефон арқылы сөйлесіп жанжалды  қарумен емес, дипломатиямен шешу керек деген тоқтамға келген. Осы тақырыпты Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен де талқылады. Назарбаев, алғаш рет Кремльдің «Украинадағы отандастарының тағдырына алаңдауы орынды» деп мәлімдеді. Бірақ, Ақорда дауды бейбіт жолмен шешуге тағы кеңес берді.