"Бұл жайында ойлаған да емеспін. Себебі ол Президент болып сайланады деп күтпеймін", — деді Обама.
Демократ Обама 2009 жылы бастаған АҚШ президенттігіне екінші және соңғы мерзімін пысықтауда. Қазіргі уақытта демократиялық партиядан бұл лауазымға сенатор Берни Сандерс және Обамамен 2009-13 жылдары жұмыс істеген АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон үміткер. Миллиардер Трамп республикалықтар арасындан сайлауалды бәсекенің көшбасшысы саналады.