Облыс әкімінің кеңесшісі қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс әкімінің кеңесшісі қамауға алынды

Облыс әкімінің кеңесшісі қамауға алынды

Павлодарда  кезекті жемқорлық дауы.   Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен облыс әкімінің кеңесшісі ұсталды. Бұған дейін екі мәрте аудан басшысы болған Төлеген Бастенов сыбайлас компания арқылы тендерден теңге жырымдаған.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 258
Фото - Caravan.kz

Мәліметтерге қарағанда, облыс әкіміне кеңес беріп жүрген шенді сыбайлас кәсіпкерменжаңа мектептің құрылысына бөлінген қаржыны өзара бөлісіпті. Шамамен 10 млн теңгедей. Ізін ала осы былыққа қатысы бар «Dakar-Group» серіктестігінің директоры да абақтыға қамалған. Ал алпысты алқымдаған Бастенов қолына кісен салынған күні жүрек талмасы ұстап бірден ауруханаға жеткізілген көрінеді. Қазір беті бері қараған шенеунік тергеу изоляторында жатыр.


Мұрат Жұманбай, Қаржы полициясының ресми өкілі:

-13 желтоқсанда ол сот санкциясымен қамауға алынды. Бүгінгі күнде Бастенов тергеу абақтысында. Қылмыстық іс тергелуде. Бастеновтың басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде.