Облыс әкімінің орынбасары оқушылармен тест тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс әкімінің орынбасары оқушылармен тест тапсырды

Облыс әкімінің орынбасары оқушылармен тест тапсырды

Батыс Қазақстандағы шенеуніктердің арасында әр нәрсені алдымен өзіне сынап көретін әдет пайда болған сияқты. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Ұлттық бірыңғай тесттің сынамасына келіп, өзінің білімі мен танымын тексеріп көрді.

  • 6 Мамыр 2014
  • 178
Фото - Caravan.kz

Шенеуніктік айтуына қарағанда, мектеп бітіргеніне 15 жыл өткен соң білімін тексеріп көруді бұрыннан ойластырып жүріпті. Бірақ, оған қызметі мұрша бермеген көрінеді. Бүгін тест тапсыруға келген ол дүниежүзі тарихын таңдап алды. Әкімнің орынбасарымен бірге бірнеше журналист те  оқушылармен қатар отырып, сынақ тапсырып шықты. Дегенмен, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келіп, екі бірдей жоғары білімі алса да Бақтияр Мәкен де көп сұрақтың жауабын таба алмай, тосылып қалды.   


Бақтияр Мәкен, БҚО әкімінің орынбасары:

-Бұның бәрінің мақсаты, ең бастысы әр баламен бірге отырып, сол тестердің сапасын көру. Қиындықтарда болады, дайындалуы керек. Әсіресе ата-аналар балаларын дайындауы керек. Тестердегі сұрақтардың бәрі сапалық түрдегі деңгейі жақсы.