Облыс орталығын қарғалар басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс орталығын қарғалар басып алды

Облыс орталығын қарғалар басып алды

Петропавлда ала қарға қаптап кетті. Бұрын соңды болмаған тосын құбылыстың қазір тұрғындарға кесірі тиюде. Ал экологтар бұған алаңдап отыр.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz

Қарғалар күндіз қоқыс маңына үймелеп түнде мына ағаштардың басына жиналады. Экологтардың айтуынша, олардың қыста теріскейде қалып қоюына адамдардың өздері кінәлі. Себебі қанаттылар тамақты жылы жақтан емес, тұрмыстық қалдықтардан тауып жейтін болған. Орнитологтар бір ауданның көлеміне ғана тексеру жасап осындай 26 мың қанаттыны анықтаған. Енді көктемде бұның кері әсері болуы мүмкін. Өйткені бір ересек қарғаның өзі басқа құстардың 120-ға жуық жұмыртқасын жеп кетеді екен.


Елена Заика, Петропавл қаласының тұрғыны:  

—  Бұл жер жұрттың демалатын орны еді. Қазір бәрі қашатын болған. Құстар айналаның бәрін ластайды. Мына жердің иісі де тура тауық қорадағыдай қолқаны қабады.