Облыстық аурухана коммуналдық қызметтер шығынын азайту арқылы дәрігерлердің жалақысын арттыруда - СҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыстық аурухана коммуналдық қызметтер шығынын азайту арқылы дәрігерлердің жалақысын арттыруда - СҚО

Облыстық аурухана коммуналдық қызметтер шығынын азайту арқылы дәрігерлердің жалақысын арттыруда - СҚО

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы коммуналдық қызметтер шығынын азайту арқылы дәрігерлердің жалақысын арттыруд

  • 28 Ақпан 2014
  • 607
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Қазақстан — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында Петропавл қаласындағы облыстық емхананың бас дәрігері Юрий Белоног айтты.

«Ауруханаға жатқызу мен медициналық көмекті аймақтандыру белгілерін нақты анықтау тәуліктік стационарлардың жүктемесін азайтуға септігін тигізді.  2012 жылы біз 12 мың, ал 2013 жылы 9800 науқасты емдедік. Яғни, ауруханаға жатқызылғандардың санын 18 пайызға азайттық. Мұнымен қоса, біз күндізгі стационарларда емделгендердің санын 8 есе арттырдық. Бұл өз алдына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылатып, тікелей шығындарды азайтуға мүмкіндік берді», — деді облыстың бас дәрігері.


Оның атап өтуінше, «Ақша емделушімен бірге келеді» деген қағидаға сәйкес, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас өзге аудандардың науқастары қалалық ауруханаға келіп ем алуда. Мәселен, 2013 жылы мұндай емделушілер саны 200-ден асқан.

Сонымен қатар медициналық мекеме үнемдеу шаралары негізінде коммуналдық қызметтердің тікелей шығындарын азайқан.

«Нәтижесінде жалақының айтарлықтай жоғарылауына, нақтырақ айтсақ, дәрігерлердікін орта есеппен 18, ал медбикелердікін 21 пайызға жоғарылатуға қол жеткіздік»,-  деді ол.