"Одноразка кинолар": Халық "Жездуха", "Таптым-ау сені", "Бизнес по-казахски"фильмдері туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Одноразка кинолар":  Халық "Жездуха", "Таптым-ау сені", "Бизнес по-казахски"фильмдері туралы

"Одноразка кинолар": Халық "Жездуха", "Таптым-ау сені", "Бизнес по-казахски"фильмдері туралы

Tik Tok әлеуметтік желісінде "Жездуха", Таптым-ау cені", "Бизнес по-казахски" фильмдерін "бір реттік киноға" теңеп, қатаң сынаған әйелдің видеосы тарады. 

  • 21 Ақпан
  • 387
Фото - Caravan.kz

Симпапулька есімді желі қолданушысы қазақ киносына кәсіби актерларының жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақ киносына қарным ашады. Кеше Жездуха деген киноға бардық, оның алдында Роднойға барғанбыз. Қазақ киноиндустриясы однорозовый кинолар шығарады. Бір рет ғана күлетін арзан күлкіге құрылған. Не бір сюжеттік линия, не бір тереңдік, не психологиялық драма жоқ. 10-12 жасар балалар күлетін, не болса соны соны түсірген кинолар. Оның өзінде анайы әзілдер. Актерлардың ойыны да дұрыс емес. Неге кәсіби білімі бар актерларды неге шақырмайды? Таптым-ау сені фильмін Олжас Абай алып шыққан ғой, әйтпесе ол да одноразовый кино. Бір рет ғана барып, ыржыңдап күліп келгенге арналған кино. Бір грамм сюжеті жоқ. Бадықованың өзі сол жерде ойнай алмай қалған ғой. Қоянбаевтың фильмдеріне сөзім жоқ. Киноның әр бөлімі шыққан сайын даму, өсу болу керек қой. Ондай ештеңесі жоқ, барлық фильм қазақы  мақтанышқа құрылған. Баян Есентаева да баяғыда Кешьюдің қыздарын киноға түсіріп, олар робот ұқсап ойнап шығатын еді. Дипломы бар, нағыз кәсіби актерлар керек. Солар киноны алып шығады", — дейді ол. 

Бір күннің ішінде 100 мыңнан астам қаралым жинаған видеоны желі қолданушыларының басым бөлігі қолдауда. 

"Толықтай келісемін, қазақтар кино түсіре алмайды", "Айтатын адам бар ма деп жүр едім. Жарайсың, өте дұрыс", "Ащы шындық", "Көретін кинолар емес", "Дұрыс, сапасыз кинолар", "Бізге тарихи кино түсіру керек", "Кино бизнеске айналып кетті", "Қазақ киноларын бір көргеннен кейін көргің келмейді", —  деп жазды олар.

 

Соңғы жаңалықтар