—Жазасы қатаң режимдегі колонияда өтелсін.
Психикалық ауытқушылығы бар қыз өгей әкесінен жәбір көріп жүргенін анасына түсіндіре алмаған. Тек аяғы ауырлап, жүктілігіне үш ай толғанда ғана шешесі азаматтық некедегі күйеуінің қызымен төсектес болғанын түсініпті. Тергеу барысында, педофилдің ішімдік ішкен сайын қаршадай қызды ермек қылатыны анықталған. Алайда 44 жастағы азамат әлі күнге өз кінәсін мойындамай отыр. Енді ол 16 жылға түрмеге қамалып қана қоймай, 1 млн. теңге моральдық шығын төлейтін болды.