"Өкініп қалдық": Атышулы "Келін" фильміне түскен актрисаның бет аузы көгерген суреті тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өкініп қалдық": Атышулы "Келін" фильміне түскен актрисаның бет аузы көгерген суреті тарады

"Өкініп қалдық": Атышулы "Келін" фильміне түскен актрисаның бет аузы көгерген суреті тарады

Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы Гүлшарат Жұбаева өзінің әлеуметтік желісіндегі инстаграм парақшасына жазба жариялады.

  • 14 Маусым 2021
  • 301
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Ол өзінің жазбасында күйеуінен жапа шеккен әйелдермен зорлық, зомбылық көрген қыздар жайлы пікір жазды.

"Соңғы кезде тұрмыстық зорлық зомбылықтан жапа шеккен әйелдері көп көріп, есітіп жүрміз. Тіпті кейбірі ажал құшып, балалары жетім қалса да, селк етпейтін жағдайға жеткендейміз.

Мұндай әйелдер арамызда өте көп. Олар көмек сұраса "Ер мен әйел арасына есі кеткен түседі", — деп араласқымыз келмейді. Заң жүзінде де, бұл жағынан ақсап тұр.
Өкінішке қарай жақын араласып жүрген таныстарымның да, басынан өткен еді мұндай жағдай.

Кейін дер кезінде дабыл қақпағанымызға өкініп қалдық. Бірақ бәрі кеш еді.
Құрметті бойжеткен өміріңдегі СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ, СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ екенін ұмытпағайсың.

Тұрмыс құрудың жөні осы екен деп, өзіңді сыйламайтын, сүймейтін адамға бас қосудан аулақ болғайсың. Алла саған жар болсын жарқыным!
(БҰЛ СУРЕТ ФИЛЬМГЕ ВИДЕОПРОБА КЕЗІНДЕ ТҮСІРІЛГЕН)",
— деп жазба қалдырды.

Желі оқырмандары: "Мәәә, сізді ұрып тастады ма?-деп қорқып кеттік қой","Дұрыс айтасыз","Қыздар қазір байлыққа қарап тиетін болған ғой","Ақыл-есі дұрыстар кеңінен ойланып барып шешім қабылдайды ғой",-деп пікір қалдырды.

 

Соңғы жаңалықтар