Октябрь полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды - Қарағанды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Октябрь полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды - Қарағанды

Октябрь полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды - Қарағанды

Қарағандыда пара алды деген күдікпен Октябрь полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

  • 21 Тамыз 2013
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясының қызметкерлері Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімі бастығының орынбасарын пара алды деген күдікпен ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», — деді құқық қорғау органдарындағылар.

Қолда бар ақпараттарға қарағанда, тәртіп сақшысы қамауда отырғандардың бірінің туысынан 120 мың теңге көлемінде пара алған.

Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінде полиция қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айыппен ұсталғанын растады. Алайда нақты ақпарат жария етілген жоқ, ведомстводан әлі ешқандай түсініктеме берілмеді.