Ал оның екі сыбайласы 3,5 жылға темір торға жабылды. Топ құрамында кәмелетке толмаған қыз да жүріпті. Сот оның жасын ескеріп, қатаң ескертумен сот залынан босатты. Педофилдерді пәтерге алдап шақырып, соңынан ұрып-соққан бұл ұйым шын мәнісінде ақша бопсалаумен айналысқан. Күрескерсымақтардың үстінен 5 жәбірленуші арызданыпты. Бірақ судья пәтерге балалармен төсек қатынасына түсу үшін келген осы еркектерге өкінішке орай жаза қолдана алмаймыз деп отыр. Өйткені оларға қатысты ешкім арызданбаған.