Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог

Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог

Алексей Петрушевский Панасыз балаларды оңалту орталығында тәрбиеленген 15 жастағы қыздың ауыр тағдыры туралы әңгімеледі.

  • 4 Шiлде 2018
  • 499
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанда ер адам 15 жастағы қызды жүкті қылғанын естігенде қорқыныштан еңіреп жылаған. Бұл туралы елдегі Панасыз балаларды оңалту орталығының директоры Алексей Петрушевский Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында айтты. 

"Мен сізге 15 жастағы тәрбиеленуші туралы айтайын. Ол жүкті екенін білгенде қалай жылағаны әлі есімде. Қызды алдап соққан адамды таптық, ол қорқыныштан: "Өтінемін, әйеліме айтпаңызшы! Менің қызым одан үлкен! Ол өзі кінәлі, соны өзі қалады. Он сегіз жастамын деп өтірік айтты", — деп еңіреп жылай бастады. Өзі қалады ма?! Ол бала күнінен махаббат дегенді білмей өсті. Ал ол оның басын айналдырған, 500 сомға сақина сатып алып беріп, дәмханаға ертіп барған, содан қыз ғашық болып қалған… Эх, ондай адамдардың басын емдеу керек", — деді Алексей Петрушевский.   

Оның айтуынша, қыз ұл баланы дүниеге әкелген. Орталық директоры баланы тастама деп қанша жалынса да өз дегенінен қайтпай, балалар үйіне өткізіп жіберіпті. Дәрігерлер де оның бас тарту туралы арыз жазуына мүдделі болған көрінеді. Тіпті баланы емізуге рұқсат бермеген. 

"Бүгінде ол қыздың өз баспанасы, шағын кәсібі бар. Таяуда маған қоңырау шалып: "Ұлымды табуға көмектесіңізші! Мүмкін қиналып жүрген шығар? Мүмкін оны ренжітіп жатқан болар?" деді. Алайда қалай көмектесесің? Асырап алу жағы құпия сақталады… Енді ол өмір бойы өзін жазғырып өтеді", — деп түйіндеді ол.


Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік гранттың онды-солды таратылып жатқанын жария қылған ұстаз іске құзырлы органдар араласуын қалайды

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасамақшы
 

Соңғы жаңалықтар