Ол үшін таласып қалды: Қазақстандық өнерпаз "Голос" байқауында әділқазыларды тәнті етті (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ол үшін таласып қалды: Қазақстандық өнерпаз "Голос" байқауында әділқазыларды тәнті етті (видео)

Ол үшін таласып қалды: Қазақстандық өнерпаз "Голос" байқауында әділқазыларды тәнті етті (видео)

Қазақстандық вокалист Оксана Устина Бірінші арнадағы "Голос" шоуының тыңдалымында сәтті өнер көрсетті.

  • 2 Қараша 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

28 жастағы әнші "Драмы больше нет" әнін орындады, бұл ән тәлімгерлерді тәнті етті. Терең дауыс, күшті вокал және эмоционалды орындау Валерий Сюткинді, Полина Гагарина мен Сергей Шнуровты өзіне қаратты.

Оксана Устина 1992 жылы 23 сәуірде Зырян қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. 2010 жылы Алматыдағы «Жұлдыздар фабрикасының» финалисі болды. 2014 жылы ол X-Factor жобасының финалисі болды.

Гагарина мен Шнуров өнерпаз үшін төбелесіп қала жаздады.Қазақстандық өнерпаз «Ленинград» тобының жетекшісі командасын таңдады.


Оксана айтқандай, ол бала кезінде базарда жұмыс істеген. Анасына еріп сауда жасаған. Жастайынан әнші болғысы келгенімен ата-анасы қарсылық танытты. Дегенмен Оксана вокал сабағын алып, бірнеше байқауларда бағын сынады.