”Олай айтудың өзі үлкен күнә деп есептеймін”: Азамат Сатыбалдының әйелі неге бір баладан артық тумағанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Олай айтудың өзі үлкен күнә деп есептеймін”: Азамат Сатыбалдының әйелі неге бір баладан артық тумағанын түсіндірді

”Олай айтудың өзі үлкен күнә деп есептеймін”: Азамат Сатыбалдының әйелі неге бір баладан артық тумағанын түсіндірді

Актер Азмат Сатыбалдының әйелі актриса Назгүл Қарабалина не себепті бір баладан артық тумағанын түсіндірді.

  • 30 Маусым
  • 9
Фото - Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Неге басқа балалары жоқ, бір баласы ғана ма” деген надан сұрақ деп ойлаймын. Білімсіздік пе, надандық па білмеймін. Адамда түрлі жағдай болады. Бас-аяғын білмей жатып “мынау тумай ма” деген сөздің өзі күнә деп есептеймін. Кім баласының көп болғанвн қаламайды?! Құдайға шүкір баламыз бар, өсіп жатыр”, — деді актриса.

Сондай-ақ, Назгүл Қарабалина күйеуінің екінші әйел алуы туралы да ойымен бөлісті.

”Азамат басқа жаққа барады екен, басқа біреуге үйленіп кетеді екен деген қорқыныш ешқашан болған емес. Мен Азаматты жақсы білемін. Азаматтың артық қылтың-сылтың сөзі, іс-әрекеті жоқ. Эфирдегі адам болғаннан кейін еркін көрінетін шығар, бірақ мен оның жанұясына деген махаббатын білемін. Ата-анасына деген, Сұлтан екеумізге деген махаббатын, сезімін, көзқарасын жақсы білемін. Сондықтан да кетіп қалар ме екен деген артық ой мені мазалаған емес”, — деді актриса.