«Өле алмай жүр»: Көп қабатты үйдің терезесін жуған астаналық келіншек көптен оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өле алмай жүр»: Көп қабатты үйдің терезесін жуған астаналық келіншек көптен оңбай сөз естіді

«Өле алмай жүр»: Көп қабатты үйдің терезесін жуған астаналық келіншек көптен оңбай сөз естіді

Астанада көп қабатты үйдің терезесін жуған келіншек көптен оңбай сөз естіді. Көпшілік әйел адамның өміріне қауіп төндірген бұл әрекетін сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 2 Мамыр 2023
  • 69
Фото - Caravan.kz

Желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеодан келіншектің биік ғимаратты жуып жатқан сәтін анық көруге болады. Жазба авторы:

«Астаналықтар таң қалдырудан қажымайды. Терезе үшін, мұндайға баруға бола ма екен?» деп жазған.

Желі қолданушылары да келіншектің іс-әрекетін жаппай сынға алған. Олар:

«Өле алмай жүр, жанын осынша шүберекке байлай ма екен?», «Құдай сақтасын, жүрек жұтқан адам екен», «Алла сақтасын мынадай биіктіктен, қолы қалт етсе, кетті ғой», «Елдің назарын аудару үшін істеп жүрген шығар, қазір көп осындай экстрималдар» деп жазды олар.