Жарияланды: 320

Өлілердің тізіміне кіріп, «қайта тірілген» зейнеткер үйінен қуылуда

«Қайта тірілген» алматылық үйінен қуылуда. Зинаида Курнина 28 жыл бойы кезекте тұрып, КТК тілшілері араласқаннан кейін ғана баспаналы болған еді. Бірақ сол 5 жыл бұрын қол жеткізген пәтерін енді әкімдік тартып алмақшы. О баста атқамінерлер бұл баспана кейін оның жекеменшігі болады деген еді. Ал қазір сөздерінен тайқып, үйді босатуын талап етуде. Зейнеткер сотқа екі рет шағым түсіріп, жеңіп шыққан. Бірақ шенеуніктер тіпті мұны да елер

емес.

Зинаида Курнина 2009 жылы өлдіге саналып, пәтер кезегінен шығарылған. Тек әріптестеріміз араласқаннан кейін құжаттары қайта жасалып, зейнеткерге 2 бөлмелі пәтер берілген еді. Мемлекет меншігіндегі баспана келісім-шарт бойынша 5 жылдан кейін жекеменшікке өтуі керек болыпты. Бірақ сол мерзім өтсе де, әкімдік үйді Курнинаның атына жазуға асығар емес.

Зинаида Курнина, Алматы қаласының тұрғыны:

-  Бұл үйді 33 жыл күттім. 28 жыл бойы кезекте тұрдым, 5 жыл осында тұрып жатырмын. Бірақ бұл үй әлі менікі емес. Тиісті мекемелерге қанша барсам да, сөзге құлақ асатын жан табылмай тұр.

Зейнеткердің бұдан басқа барар жері жоқ. Ал шенеуніктер пәтерді тез арада босатуын талап етуде. Амалы қалмаған әйел екі рет сотқа шағымданған. Екеуінде де іс Курнинаның пайдасына шешіліпті. Бірақ оның айтуынша, жауапты мекемелер сот шешіміне де, зейнеткердің жанайқайына да құлақ аспай келген. Десе де бұл әйелді тұрғын үй басқармасы әлі де үміттендіріп отынр. Онда да тілшілер тағы араласқан соң ғана.

Нұрлан Тұралиев, Алматы қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары:

- Зинаида Курнина 2015 жылы шілде айының басында Тұрғын үй басқармасы басшысының қабылдауында болды. Ол 2 бөлмелі пәтерін жекеменшікке өткізуді сұрайды. Келісім-шартты ұзарту туралы құжаттарын рәсімдеу керек екенін айттық. Қажетті құжаттарды толығымен тапсырғаннан кейін баспананы жекешелендіру мәселесін тұрғын үй комиссиясы қарайтын болады.

Дегенмен, зейнеткер шенеуніктердің мұндай уәдесіне тойдым дейді. Заңды құжаттары бола тұра, баспанасын өз атына ала алмай келген ол әлі де далада қаламын ба деген үреймен жүр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін