Өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады
Еуропа елдерінде өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы 2003-жылдың қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады. Осындай нұсқаулар топтамасын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылар тобы дайындауда. Бұл туралы осы ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшысы Норман Бишоп бүгін, 23-маусымда ғұмырлық бас бостандығынан айыру тәжірибесі мен стандарттарын |
талқылауға арналған Алматыдағы халықаралық конференцияда сөйлеген өз сөзінде мәлімдеді.
Қазақстанда да құзыры жүретін бұл нұсқауларға сәйкес, пенитенциарлық жүйені реформалаудың басты мақсаты - түрме қызметкерлері, сотталғандар мен оларға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сотталғандардың түзеліп қатарға қосылу тиімділігін арттыру болып табылады.
Аталмыш мақсаттарға негізгі 6 жұмыс принципін бұлжытпай ұстану арқылы қол жеткізу ұсынылып отыр . Атап айтсақ : сотталған адамдармен дербес жұмыстар жүргізу, олардың психологиялық ахуалын қалпына келтіру, әрбір сотталған адамның өзіне және басқаларға төндіретін қауіп-қатерінің табиғаты мен деңгейін анықтау, сотталған адамды қоғамнан оқшауламау (сотталған адам тек жекелеген жағдайлар мен сәттерде ғана айналасындағыларға қауіп төндіретіндіктен), оның моральдық құлдырауына жол бермеу . Бұл шаралардың барлығы сотталған адамды болашақта босату немесе оған жүктелген жазаны жеңілдетуге алдын-ала даярлау мақсатымен жүзеге асырылуы тиіс.
Н.Биошоптың пікірінше, аталмыш нұсқауларды бұлжытпай орындау - пенитенциарлық жүйені мейлінше ізгіліктендіруге, сондай-ақ , Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердегі қылмыстық деңгейді төмендетуге мүмкіндік береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін